Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақ хандығы туралы жазылған көне кітап көшірмесі жарыққа шықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды.

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді. Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие.

Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген. Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

Дерекөз Kazislam.kz порталы

12.10.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер