Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» ағымдағы жылдың қазан айында психолог және теолог маманның қатысуымен экстремистік діни ағымның ықпалында жүрген 151 адаммен (129 ер және 22 әйел ) кездесу жүргізілді. Сұхбаттар барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының тарихи рөлі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 59 азаматпен жеке кездесулер өткізілді.