АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған. Бұл туралы Kazinform BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция бұған дейін бес адамның мерт болғанын хабарлады, бірақ кейінірек олардың саны үшеу екені анықталды.
Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар – ол осы мектептің оқушысы болуы мүмкін.
Полицейлер оқиға орнына жеткенше күдікті әлдеқашан өліп қалғаны белгілі болды. Бұл ретте полиция қару қолданбағанын хабарлады.
Дереккөз Kazislam.kz порталы