Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

АЛМАТЫДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ М.Н. ОТАРБАЕВ ҚМДБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2025 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың Алматы қаласы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Медсантұлы Кикимов, ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы бас имамы Төлеби Дәділұлы Оспан, «Бекет ата» мешітінің бас имамы Ержан Базарбекұлы Есім және қаланың басқа да мешіттерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтқан мемлекеттік діни саясаттың басым бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, діни ағартушылық, рухани төзімділік пен жастар тәрбиесінде мешіттердің және дін қызметкерлерінің рөлі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

19.04.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер