Сауд Арабиясы Корольдігі 2025 жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасаған, сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да тыйым салынатынын жариялады.
Бұл шешім қажылық маусымындағы өлім жағдайына апаратын кептелістердің алдын алу үшін қабылданып, тыйым салу процесі күн сайын қатаңдатылу үстінде. Осыған орай Корольдік айыппұл салу, яғни жаза шараларын төмендегі жағдайларда қолданатындығын ескертті:
2025 жылы Сауд Арабиясы 1 млн 800 мың қажыларды күтіп алуды және оларға қызмет көрсетуді жоспарлауда. Осы орайда қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажылық жасау ресми түрде тек қана ҚАЖЫЛЫҚ Визасы арқылы жүзеге асырылады, басқа кез келген ВИЗА түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге тыйым салынады.
2024 жылы Сауд Арабиясына басқа виза түрімен келіп заңсыз Қажылық жасаған 300 мыңнан астам шетел азаматын анықтаған. Сауд Арабиясы 2025 жылдың 29 сәуірі мен 9 маусым аралығында бірнеше мемлекет үшін электронды визаға ұсыныстар қабылдауды тоқтатты. Бұл шешімге шетел азаматтарының ұмра үшін барып, рұқсатсыз қажылық жасауға көпшілігінің қалып кетуі себеп болған.
Биыл Қазақстаннан ресми 4500 адам қажылыққа аттанады. Олар 24-31 мамыр аралығында қасиетті мекенге барып, 10-16 маусым аралығында елге оралады деп жоспарлануда. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы барша жамағатты Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің шетелдік азаматтарға қатысты ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармауды және қажылық орындарын алмаған лицензиясы жоқ турфирмаларға жазылмау қажеттігін ескертеді.
Ал арнайы лицензиясы бар, қажылық орындарын алған сенімді туроператорлар тізімі төменде көрсетілген. Қорыта айтқанда, дініміздегі бес парыздың бірі қажылық – жауапты әрі сауапты құлшылық. Сол себепті жоғарыда аталған талаптар мен ережелерді сақтауға және шариғат бекіткен таза жолмен қажылық құлшылығын өтеуге шақырамыз. ҚМДБ Қажылық бөлімі
Дереккөз Kazislam.kz порталы