Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкент қалалық соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағы адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды. Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге, фигуранттардың жалпы қылмыс жасағаны және террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.

Дереккөз Kazislam.kz порталы

24.06.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер