Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Терроризмге қатысы бар 360-тан астам күдікті ұсталды

Түркияның 41 провинциясында терроризмге қатысы бар 360-тан астам күдікті құрықталды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ. Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая әлеуметтік желілерде террорлық ұйым — «Параллель мемлекет» (FETÖ) террористік ұйымына қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған кең ауқымды операциялар туралы хабарлады.

Агенттік хабарлағандай, министрдің мәліметінше, соңғы екі апта ішінде елдің 41 провинциясында, соның ішінде Анкара, Ыстанбұл және Измир қалаларында арнайы операциялар жүргізілген.

— Жалпы 361 терроризмге күдікті ұсталды. Олар тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу, террористік құрылымдарды қаржыландыру және насихаттау, сондай-ақ ByLock деп аталатын шифрланған байланыс қосымшасын қолдану бойынша айыпталып отыр, — деп жазды министр.

Сондай-ақ, ол операцияларға қатысқан барлық күштік құрылым қызметкеріне алғыс білдірді.


Дереккөз Kazislam.kz порталы

30.06.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер