Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль билігі газа секторында атысты тоқтатып, анклавта кепілдікте отырған адамдарды босату бойынша келісімге келе бастады. Бұл туралы Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС. – Меніңше, біз келісуге таяумыз, келісімде бекітуге жақсы мүмкіндік бар, – деді ол Fox Business телеарнасына берген сұхбатында.
2 шілде күні АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің 60 күндік татуласуға келіскенін мәлім етті. Оның барысында тараптар сектордағы қақтығысты тоқтатуға ұмтылатын болады. 4 шілде күні ХАМАС палестиналық топтармен кеңескеннен кейін делдалдарға Газа секторында атысты тоқтатуға қатысты жағымды жауап бергенін жеткізген.
6 шілде күні ХАМАС пен Израиль Дохада Газа секторында атысты тоқтатып, анклавта кепілдікте отырған израильдік азаматтарды босатуға бағытталған келіссөздер процесін жаңғыртты.
Kazislam.kz порталы