Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«TikTok» арқылы терроризмді насихаттаған

Қызылорда облысының 39 жастағы тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыратын аудио және бейнежазбалар таратқан. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады. – Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

 Kazislam.kz порталы

07.08.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер