Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

Сәтбаев қалалық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот барысының мән-жайын Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Zakon.kz-ке хабарлады. Айыптау қорытындысына сәйкес, қазақстандық ауызша үгіттеу арқылы және діни мәтіндерді бұрмалап пайдаланып, қала тұрғындарының санасына ықпал етіп, оларды радикалды идеологияға тартуға тырысқан. Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, айыпталушыны ҚР ҚК 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. «Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген Ұлытау облысы прокуратурасының хабарламасында. Үкім заңды күшіне енді.

 Kazislam.kz порталы

22.09.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер