Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы 1 қазан жағдайына еліміздегі халық саны 20 445 231 адамды құрады.

???? Биылғы жылдың басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан, оның ішінде:

  • табиғи өсім есебінен – +151 632 адам;

  • миграциялық өсім есебінен – +10 200 адам.

????️ Халқының саны 1 миллионнан асқан 7 өңір:

  1. Алматы – 2 337 023

  2. Түркістан облысы – 2 148 207

  3. Астана – 1 612 512

  4. Алматы облысы – 1 586 875

  5. Шымкент – 1 286 087

  6. Жамбыл облысы – 1 216 849

  7. Қарағанды облысы – 1 131 818


Қазақстан халқының саны тұрақты өсіп келеді – бұл табиғи өсім мен көші-қон үрдісінің оң көрсеткіші.

04.11.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер