Индонезия астанасы Джакартада 7 қараша күні мектеп кешені аумағында орналасқан мешітте болған жарылысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Индонезия полициясының мәліметінше, оқу орны аумағынан жеті қолдан жасалған жарылғыш құрал табылған, олардың төртеуі іске қосылған. Бұл туралы Reuters агенттігі полиция басшысы Асеп Эди Сухеридің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, жарылғыш құралдардың бірі қашықтан басқару арқылы іске қосылған. Бұған қоса, оқиға орнынан полиция жазуы бар ойыншық қаруларды тауыпты. Сухери атап өткендей, күдікті жалғыз әрекет еткен және ешбір террористік ұйымға мүше болмаған. Ол оны «заң алдында жауап беретін тұйық мінезді жасөспірім» деп сипаттады, бірақ есімін жарияламады.
Жарылыс салдарынан 96 адам зардап шеккен, оның 29-ы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, жарылысты мектеп оқушыларының бірі жасаған. Полиция оның үйінен белгісіз ұнтақ тәрізді зат тапты. Күдіктінің өзі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
kazislam.kz