Австралияның Peace Economics Institute жариялаған 2025 жылғы жыл сайынғы «Глобалдық терроризм индексі» бойынша Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі болып танылды. Ел 100-орынға жайғасты және террорлық қауіптің нөлдік индексін иеленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания сияқты батыс елдерімен қатар Ресей, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, БАӘ және Түркияны артта қалдырды.
Есепте әлемде жағымсыз динамика байқалатыны көрсетілген: есептік кезеңде террористік шабуылдар тіркелген елдер саны 58-ден 66-ға өскен. Батыс елдерінде шабуылдар саны 63%-ға артқан. Швеция, Австралия, Финляндия, Нидерланды, Дания және Швейцарияда соңғы бес жыл ішінде алғаш рет терактілер орын алған.
Еуропадағы ең нашар көрсеткіш Германияда тіркелген — Магдебургтегі жәрмеңкеге жасалған шабуылдан кейін ел 27-орынға түскен. Қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпті он елге Израиль мен Сирия кірген.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте 67-орында тұрған. Елдегі соңғы терактілер 2016 жылы (Ақтөбе мен Алматыда) орын алған. Қазіргі қауіпсіздік деңгейі мемлекеттік органдар мен Қазақстандағы ҮЕҰ-ның терроризмді алдын алу шараларымен байланысты.
2017 жылдан 2025 жылға дейін шамамен 40 теракт және басқа да зорлық әрекеттердің алдын алу шаралары іске асырылып, оның ішінде биылғы жылы екі жағдай тоқтатылған.