Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Сенат бет-әлпетті жасыратын киімге қатысты заң жобасын қабылдады

Сенат «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасын қабылдады. Аталған құжат аясында қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып, оны тануға кедергі келтіретін киім кию үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа норманың іс жүзінде қалай қолданылатынын түсіндірді.

Журналистер вице-министрден: «Медициналық көрсетілімдер бойынша ерекшеліктер қарастырыла ма? Мұндай жағдайларды нақты құқық бұзушылықтардан қалай ажыратады?» — деп сұрады.

Игорь Лепеханың айтуынша, әрбір жағдай жеке қаралады. «Мысалы, тұмау індеті кезінде маска тағып жүрсеңіз — қандай сұрақ болуы мүмкін? Әңгіме басқа жағдайлар туралы. Алматыда футбол жанкүйерлері беттерін жауып, фаер жағып, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған көптеген фактілер болды. Біз дәл осындай жағдайларды айтып отырмыз. Яғни, “егер заң бұзғыңыз келсе, ескеріңіздер — біздің камералар сіздерді көріп тұр, таниды және ертең-ақ табамыз” деген ескерту. Бұрын да табатынбыз, енді бұл әлдеқайда жеңіл болады. Ал егер адам шынымен ауырып жүрсе, әрине, хаттама толтырылуы мүмкін, бірақ ол өзінің ауырғанын растайтын анықтаманы көрсете алады. Біз бұл мәселеде ақылға қонымды, адекватты әрекет етеміз», — деді вице-министр Сенат кулуарында.

19.12.2025

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер