Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Жаңа Конституция бойынша референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Тиісті ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 ақпанда жариялады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 18-бабына сәйкес, Тоқаев:

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізуді;

Республикалық референдумға жаңа Конституция жобасын мынадай тұжырыммен шығаруды: «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»;

Осы Жарлық пен Конституция жобасын 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

Республикалық референдумды дайындау мен өткізуді Референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайтын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының функцияларын орындайтын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктеуді;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Орталық сайлау комиссиясымен, басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

12.02.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер