Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес еліміз азаматтарының заңды құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ Президент қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы