Алматы қаласының Жетісу ауданында «Әли-Мұхаммед» мешіті күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
Салтанатты шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, одан кейін Бас мүфти елдің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасады.
Рәсім барысында Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің қайта жаңғыртылуына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, дәстүр бойынша оларға естелік шапандар табыстады.
«Әли-Мұхаммед» мешітінің реконструкциясы Алматыдағы ескі мешіттерді жаңарту және кеңейту бойынша ауқымды жобаның бір бөлігі болды. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде ғимараттың техникалық сипаттамалары айтарлықтай жақсарды:
• Сыйымдылығы: 700 адамнан 5 000 адамға дейін артты;
• Жалпы аумағы: 7 есеге ұлғайды.
Айта кетейік, бұл – аталған бастама аясында жаңғыртылған Алматыдағы үшінші мешіт. Бұған дейін «Әлмерек» және «Әбу Ханифа» мешіттері жаңа, заманауи келбетімен қайта ашылған болатын. «Әли-Мұхаммед» мешітінің жаңа ғимараты қазіргі талаптарға толық сай келеді және жамағатқа жайлы жағдай жасайды.
14.02.2026