Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде теракт дайындалып жатыр деген жалған ақпарат таратқан кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтады.
Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасөспірімге бір жыл мерзімге пробациялық бақылау орната отырып, бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Полиция қызметкерлері теракт туралы көрінеу жалған хабар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы