Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған деректі жариялады, деп жазады Egemen.kz.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде – 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде – 7 411 647 адам тұрады.

Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қон есебінен екені анықталып отыр.

Еске салайық, елімізде халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

03.03.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер