Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді

Еуропада бельгиялық Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді. Басылымда Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр таныстырылған. Әрқайсысы өзіндік тарихы мен сәулеттік келбеті, мәдени ерекшелігі арқылы дербес туристік бағыт ретінде сипатталған, деп жазады Egemen.kz.

Журналда Алматы Іле Алатауының баурайындағы табиғат пен заманауи урбанистік кеңістікті үйлестірген қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретінде көрсетілген. Редакция кеңестік модернизмнен бастап қазіргі қоғамдық кеңістіктерге дейінгі сәулет эволюциясына назар аударып, қаланың гастрономиялық мәдениеті мен креативті индустриясының дамуын да атап өтеді.

Басылымда Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенский кафедралды соборы, Көктөбе сияқты көрнекті орындар жете таныстырылған. Сонымен қатар испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» атты мүсіні де назардан тыс қалмаған.

Алматыдағы түсірілім жұмыстары 2025 жылы жазда өткен. Ұйымдастырушылық қолдау мен локацияларды үйлестіруді Almaty Tourism Bureau қамтамасыз еткен.

Арнайы шығарылым Қазақстанның халықаралық медиакеңістіктегі танымалдылығын арттырады.

03.03.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер