Алматыда көпбалалы аналарды "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапаттайды.
лматы қаласында 8 наурыз мерекесіне орай барлық ауданында мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алмалы ауданында бүгін сағат 15:00-де "Көктем құшағында" концерті өтеді. Мерекелік іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылады.
Әуезов ауданында 5 наурыз сағат 15:00-де "Көктем шуағы" концерті болады. Өтетін орны - Нархоз университеті. Дәл сол уақытта Алатау ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
Одан бөлек бүгін Түрксіб ауданының №6 Оқушылар үйінде, Бостандық ауданының "Конкордия" театрында, Наурызбай ауданының Инновациялық технологиялар орталығында мерекелік бағдарламар өтіп жатыр.
Ертең сағат 14:00-де Әуезов ауданының Сарыарқа скверінде Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастыратын "Асыл әже" ретро-концерті өтеді.
Медеу ауданында орналасқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 6 наурыз сағат 11:00-де "Әйелмен әлем әдемі" концерті және көпбалалы аналарды "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапаттау рәсімі болады.
7 наурыз күні сағат 12:00-де Жетісу ауданының мәдениет үйінде "Арулар — асыл жандар" концерті өтеді.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/almatyda-8-nauryz-qarsanynda-qandai-merekelik-koncertter-otedi