Наурыз мейрамын жаңа форматта тойлау аясында 16 наурыз елімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды. Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мезет. Мерекенің басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Алматы қаласы бұл күнді ерекше серпінмен қарсы алуда. Мерекелік шаралардың шымылдығы Наурызбай ауданындағы Инновациялық шығармашылық орталығында ашылады. Мұнда сағат 10:00-де қазақ халқының өміршең дәстүрлеріне арналған ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылымдар өтеді.
Жиналған қауым қазақтың отбасылық құндылықтарын дәріптейтін мынадай рәсімдерге куә болды:
Бұл қойылымдар тек сахналық көрініс емес, көрерменді ұлттық тәрбие әліппесімен таныстыратын тағылымды шараға айналды.
Мерекелік бағдарлама түс ауа Қазақ мемлекеттік циркінің алаңында жалғасдты. Сағат 16:00-де білектілер мен ептілердің додасы – «Аударыспақ» және мергендік пен зеректікті қажет ететін асық ату ойындары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар қаланың барлық ауданында шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелер өтуде. Көрмелерде келушілер мынадай туындыларды тамашалай алады:
1. Киіз үйдің сәндік элементтері мен жабдықтары.
2. Көне технологиямен тоқылған бұйымдар.
3. Қазақы нақыштағы зергерлік әшекейлер