Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Көкшетау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Көкшетау тұрғыны он үш жыл бойы шетелде жасырынып, цифрлық кеңістікте деструктивті әрекетпен айналысқаны үшін сотталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол Қазақстаннан 2013 жылы кеткеннен кейін интернетті терроризм идеологиясын насихаттау және діни алауыздықты қоздыру мақсатында белсенді пайдаланған. 2026 жылдың наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп жүргізген трансшекаралық операция нәтижесінде күдікті ұсталып, елге жеткізілді.

Жасалған қылмыстары үшін сот оны 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұл шешім мемлекет тарапынан әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды радикалдандыруға бағытталған кез келген әрекеттің жолын кесуге деген берік ұстанымды айқындады.

Аталған іс биылғы жылдың басынан бері терроризмге қатысы бар 17 адамның залалсыздандырылғаны туралы ҰҚК‑нің кең көлемді есебінің бір бөлігіне айналды.

Kazislam.kz порталы

20.03.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер