Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Экстремистік қылмыс жасаған 17 адам сотталды

Биылғы жылдың басынан бері ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 17 адам әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Олардың бірі, Алматы қаласының тұрғыны, 2017 жылы халықаралық террористік ұйымдар жағында ұрыс қимылдарына қатысу үшін шетелге кеткен. 2025 жылы шетелдік серіктестермен бірлескен іс-шаралар аясында ол шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілді.
Террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


Kazislam.kz порталы

20.03.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер