ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесінің делегациясы Түркия астанасында өткен халықаралық оқу семинарын сәтті аяқтады. Оқу қорытындысы бойынша қазақстандық сарапшылар халықаралық үлгідегі ресми сертификаттарға ие болды.
Топ құрамына мекеме директоры Айбек Асқарбекұлы және ведомствоның жетекші мамандары Мейіржан Бауыржанұлы, Гүлмира Маратқызы мен Өміржан Тұрсынұлы кірді.
Оқу бағдарламасы қазақстандық мамандарға халал индустриясы саласындағы озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік берді. Алынған құзыреттер отандық сертификаттау жүйесіне енгізіліп, қазақстандық өнімге халықаралық нарықта деген сенімді арттырады.
Дереккөз: Kazislam.kz