17 сәуір күні Алматы қаласында «Cұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штаб хабарлады.
Оқу-жаттығулар «Cұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында (мекенжайы: Қаппаров көшесі, 167) сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Іс-шара барысында адамдар көп жиналатын нысандардағы әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Сондай-ақ, тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.
Қала тұрғындарын аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Дереккөз: Kazislam.kz