Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

ҰҚК: Террористік қылмыс жасағандар елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияны жүргізді.

7 және 12 мамырда шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді. Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды. Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

13.05.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер