Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Сүре оқысаң – тегін кофе»: акцияға Дін істері басқармасы қызығушылық танытты

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Threads желісіндегі @zhanbol_nurmukhanbet парақшасында келесі мазмұндағы жарнамалық жарияланым анықталды:

«Құран сүресін оқысаң – тегін кофе. Бүгіннен бастап акцияны бастаймыз! Егер Құраннан кез келген сүрені жатқа оқып берсеңіз, сізді бір кесе кофемен тегін сыйлаймыз. Акция 7 күн бойы, яғни 10 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 58Б. Келіңіздер! Бұл акция тағы бір сүрені еске түсіруге немесе жаттауға себеп болсын».

Осылайша, Құран сүресін жатқа оқыған тұрғындарға тегін кофе беруді көздейтін ынталандыру акциясы ұйымдастырылған. Акция тек Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 58Б мекенжайында орналасқан Zhanpresso кофеханасында өткізілген.

Жарияланым мазмұны бойынша діни сипаттағы әрекет (Құран сүресін жатқа оқу) материалдық сыйақымен (тегін кофе алу) байланыстырылып, тұрғындарды діни тәжірибеге қатысуға ынталандыру белгілері байқалған.

Осыған байланысты кофехана иесі Жанбол Нұрмұханбет Астана қаласының Дін істері басқармасына шақырылды. Онымен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Дереккөз: Kazislam.kz

05.08.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер