2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жалпы орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты маңызды түсіндірме жариялады.
Ведомство Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес діннің мемлекеттен бөлінгенін, ал білім беру ұйымдарындағы оқу мен тәрбие үдерісі зайырлы сипатта жүзеге асырылатынын атап өтті.
Министрліктің мәліметінше, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар оны киюде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыруға және білім беру ұйымдарының белгіленген ережелерді сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Мектеп формасы:
Форманы таңдау кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері, климаттық жағдайлар, сабақ өтетін орын, мектеп ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мектеп формасының үлгісін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер де осы кеңестермен келісу арқылы қабылданады.
Дереккөз: Zakon.kz