Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Шәмші Қалдаяқов» медалі Қазақстанның мемлекеттік наградаларының қатарына енгізіледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде жоғары құқықтық деңгейде бекітілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Аталған мемлекеттік наградалар ұлттық мәдениеттің дамуына, соның ішінде музыка мен бейнелеу өнері салаларына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталатын болады.

Бұл бастама Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқан тұлғалардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға бағытталған.

17.08.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер