Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Бомба туралы әзілдеуге болмайды

Қазақстан әуежайларында отырғызу талондарының сыртқы бетіне терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескерту орналастырыла бастады.

Бұл бастаманы Бас көлік прокуратурасы қолға алды. Жолаушыларға арналған жадынамада әуежайда бомба қойылғаны туралы ойланбай жасалған жалған мәлімдеме қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені ескертіледі.

Отырғызу талондарының сыртқы бетінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпарат та көрсетіледі. Олардың қатарында кастеттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер және басқа да қауіпті заттар бар.

Жаңа ескертулер Астана, Алматы, Түркістан және Қарағанды халықаралық әуежайларында енгізілді. Алдағы уақытта бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да әуежайларына тарату жоспарланып отыр.

Көлік прокуратурасының түсіндіруінше, бастама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және авиациялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Бұл ретте жолаушылар үшін жаңа шектеулер енгізілмейді, тек қолданыстағы заң талаптары туралы ескертіледі.

 
 
19.08.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер