Әлеуметтік желіде балағат сөздер жазу немесе мессенджерлерде агрессивті пікір білдіру бүгінде жазасыз қалмайды. 2024 жылғы маусымнан бастап Қазақстанда интернеттегі жария қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттер санатына жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгінде жазылған әрбір сөз тек моральдық нормалар тұрғысынан ғана емес, Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша да бағаланады — болмашы құқық бұзушылықтан бастап ауыр қылмысқа дейін жауапкершілік қарастырылған. Energyprom.kz сарапшылары интернеттегі қорлаудың қазақстандықтар үшін қанша шығынға әкелуі мүмкін екенін анықтады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректерін талдау қазақстандықтардың интернеттегі қорлаушылармен сот арқылы белсенді түрде дауласып жатқанын көрсетеді. Жыл сайын соттарға «Қорлау» бабы (ҚР ҚК-нің 131-бабы) бойынша 5,8 мыңнан 6,9 мыңға дейін шағым түседі.
Алайда олардың санаулысы ғана нақты жазаға әкеледі:
Кінәсі дәлелденген адамдар үшін істің соңы қаржылық тұрғыдан едәуір шығынға әкелуі мүмкін. Интернетте қорлағаны үшін 200 АЕК-ке дейін (2026 жылы шамамен 865 мың теңге) айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза қарастырылған.
Бұған қоса, кінәлі адам моральдық зиянды өтеуге міндеттелуі мүмкін. Өткен жылы Қазақстанда интернеттегі қорлау салдарынан зардап шеккендерге төленген өтемақының жалпы көлемі рекордтық 29,3 миллион теңгені құрады.
Көптеген қолданушылар профильде нақты фотосуреттің болмауы және жалған есім қолдану толық қауіпсіздік береді деп ойлайды. Бұл — қате түсінік.
Жабық немесе анонимді аккаунттың болуы өздігінен қолданушыны анықтаудан қорғамайды. Қазіргі цифрлық жедел-іздестіру құралдары автордың жеке басын, оның ЖСН-ын, IP-мекенжайын және тіркелген жерін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер балағат сөз үшін айыппұл немесе басқа да жаза қарастырылса, ал мемлекеттік қауіпсіздікке, жеке өмірге немесе ұлттық мәселелерге қатысты белгілі бір сипаттағы мәлімдемелер бұдан да ауыр қылмыс санатына өтуі мүмкін.
Сот практикасы салдары айтылған сөздің мазмұны мен контекстіне қарай әртүрлі болатынын көрсетеді:
Интернет кеңістігін реттеу — Қазақстанға ғана тән ерекшелік емес, әлемде қалыптасқан тәжірибе.
Германияда полицияның арнайы бөлімшелері жыл сайын интернетте өшпенділік пен араздықты қоздырғаны үшін шамамен 3,5 мың қылмыстық іс қозғайды. Ұлыбританияда әлеуметтік желілердегі қорлайтын хабарламалар мен қоқан-лоққыларға байланысты полиция жылына 12 мыңға дейін адамды қамауға алады. АҚШ-тың жекелеген штаттарында кибербуллинг пен интернеттегі жала жабу үшін ірі көлемдегі айыппұлдан бастап нақты бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.
Бүгінде цифрлық гигиена әрбір қолданушы үшін күнделікті өмірдегі заң талаптарын сақтау сияқты маңызды әдетке айналып келеді. Бірнеше секундта эмоцияға беріліп жазылған пікір ұзаққа созылатын сот процесіне, миллиондаған теңге көлеміндегі өтемақы төлеуге немесе нақты бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін.