Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өңірлік күштік құрылымдардың басшыларымен өткен кеңесте дәстүрлі шешендік салт-дәстүрге және ислам нормаларына сәйкес келмейтін сыртқы атрибутикаға қатысты сын айтты.
Өңір басшысы тым ұзын сақал қойып, балағын қысқартып киетін ер адамдарға назар аударып, олардың көпшілігі мешітке және жұма намазына жамағатпен қатыспайтынын, алайда мұндай сыртқы келбетінің өскелең ұрпаққа теріс үлгі көрсетуі мүмкін екенін атап өтті. Қадыров сақалды қысқартуға және сыртқы келбетті діни әрі ұлттық дәстүрлерге сәйкестендіруге шақырды.
Сонымен қатар Шешенстан басшысы әйелдердің киіміне қатысты мәселені көтеріп, бетті толық жауып жүру тәжірибесін сынға алды.
Ол араб стиліне еліктеу мен пәрәнжі кию ешқашан шешен мәдениетінің бір бөлігі болмағанын атап өтіп, әйелдерді ислам қағидаларына сәйкес киінуге, алайда республикаға жат элементтерді соқыр түрде қабылдамауға шақырды.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы