Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ДІНИ ТАҚЫРЫПТА КОНТЕНТ ЖАРИЯЛАЙТЫН БЛОГЕРЛЕРГЕ РҰҚСАТ ҚАЖЕТ

Қырғызстанда діни тақырыпта контент дайындайтын блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына жаңа талаптар енгізілуде.

Бұл туралы «Біринчи радио» эфирінде Қырғызстан Президенті жанындағы Дін және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тиісті заңнамаға «діни уағызшы» деген жаңа ұғым енгізілген. Осыған байланысты діни тақырыпта подкаст, бейнеролик және жазба жарияламас бұрын автор Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жүгінуі қажет.

Ол жерде блогер өзінің діни білімін растап, қандай бағытта контент жүргізетінін нақты көрсетуі тиіс.

Одан кейін автор Дін және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттікке өтініш беріп, бір жыл мерзімге арнайы куәлік алады. Құжатты ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Егер контент авторы жалған ақпарат таратса немесе қолданыстағы заңнаманы бұзса, арнайы куәлік күші жойылуы мүмкін. Ведомство өкілінің айтуынша, мұндай жағдайда құжатты қайта алу мүмкін болмайды.

Жаңа талаптар діни тақырыптағы подкасттарға, бейнероликтерге, әлеуметтік желідегі жазбаларға және басқа да интернет-контентке қатысты.

01.10.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер