Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық мұсылмандар Ораза айт мерекесін 9 наурызда, ал Құрбан айтты 16–18 мамыр аралығында атап өтеді.
2027 жылға арналған негізгі діни күндер:
8 ақпан — Рамазан айының басталуы;
5–6 наурыз — Қадір түні;
9 наурыз — Ораза айт;
15 мамыр — Арапа күні;
16–18 мамыр — Құрбан айт.
ҚМДБ мәліметінше, хижра күнтізбесі бойынша айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде анықталған. Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге ілгері немесе кейін жылжуы мүмкін.
