2026 жылғы 18 қазанда Алматы қаласындағы Concordia Concert Hall концерт залында Рухани келісім күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға Алматы қаласындағы діни бірлестіктердің басшылары мен олардың жамағат мүшелері қатысты.
Концертті Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының қызметі аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Мерекелік концерттің бағдарламасы бейбітшілік, бірлік, достық және өзара құрмет тақырыптарын қамтыды. Іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтуға, түрлі діни сенім өкілдері арасындағы ашық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға арналды.