Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің ұзақ уақыт жүргізген жедел жұмыстары нәтижесінде діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдан бері күдікті Қазақстаннан тыс жерде жүріп, радикалды идеяларды таратуды жалғастырған. Ол жабық Telegram-топтарды әкімшілендіріп, онлайн дәрістер өткізген және өз ізбасарларына идеологиялық ықпал еткен.

Бұған дейін оның бірқатар аудиодәрістері терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сот шешімімен экстремистік материалдар деп танылған.

Анықталғандай, күдікті шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алған. Өзінің пікірлестері арасындағы беделін пайдаланып, 2024–2025 жылдары олардан 60 миллион теңгеден астам қаражат алған.

11 қарашада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тергеу әрекеттері жүргізілді. Тінту барысында діни әдебиеттер мен экстремистік идеология белгілері бар қолжазба материалдар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері құқыққа қайшы әрекеттердің барлық мән-жайын, ықтимал сыбайластарын және іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

«Заң мен тәртіп» қағидаты өзгермейді: экстремистік идеологияны тарату және діни алауыздықты қоздыру әрекеттері ұйымдастырушылары Қазақстанда немесе шетелде жүргеніне қарамастан анықталып, жолы кесіледі.

Дереккөз: Polisia.kz

14.11.2026

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер