Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Шпекбаев: Пара беретін қазақстандықтар азайып келеді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев елімізде пара беретін тұрғындардың саны азайып келе жатақанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шпекбаевтың сөзінше, сыбайлас жемқорлықпен күресте дін өкілдерінің септігі тиеді.

 "Осы мақсатқа жету бағытында шығармашылық зиялы қауымның, мәдени әрі білім беру мекемелерінің, БАҚ-тың рөлі елеулі. Сонымен қатар, бұл проблеманы шешуде дін өкілдері де зор үлес қоса алады, себебі барлық дінде пайдакүнемдік пен парақорлықты күнә ретінде бағалайды", - деді Алик Шпекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысқа бүгінде азаматтық қадағалауды дамытудағы агенттіктің жобаларына ел тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар көптеп тартылуда.

"Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеп келеді. Адамдар арасында параны алу мен беру үрдісі азайғанын байқап отырмыз", - деді Алик Шпекбаев.

20.03.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер