Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Елбасы митрополит Александрге Құдай ана Тихвин иконасын сыйлады

Православ христиандары осы жексенбіде Пасха мерекесін атап өтеді. Діни мейрам қарсаңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астаналық және қазақстандық митрополит Александрге Құдай ана Тихвин иконасын сыйлады, деп хабарлайды 24.kz.

Митрополиттің айтуынша, бұл – Тихвиндік Успен шіркеуінде сақтаулы тұрған қасиетті Құдай ана бейнесінің нақ көшірмесі. 1706 жылы икона жазушылар мен әулие Аарон шіркеуінің қызметкерлері салған. Православтар үшін өте бағалы әрі ғажайып саналатын бұл туынды Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралды соборына қойылды. Сенбі күні орыс православтық шіркеуінің басшысы келушілерге көрсетеді. 

06.04.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер