ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында бүгінгі таңда Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, діни сенім бостандығына кепілдік берілген. Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Осы мереке баршаңызға бақыт, қуаныш, өзара құрмет пен түсіністік әкелсін!» - деді Дархан Кәлетаев өз құттықтауында.
Министр барша қазақстандықтардың игі бастамаларына табыс, бейбітшілік пен амандық тіледі.
Пасха мерекесімен қазақстандықтарды Президент те құттықтаған болатын.