Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы әкімі православ және католик шіркеулерінің дінбасыларымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен, сонымен қатар епископ Джузеппе Фавале бастаған Конверсано және Монополи епархиясының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында діни және ұлтаралық келісім,қаланың этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды.

«Біз бұл жерден шынайы толеранттықты, Қазақстан жерінде жоғары бағаланатын барлық конфессиялардың бейбіт және әлеуметтік өмірін көрдік. Мен Алматы сынды әсемқаланы, әлемнің әр бұрышынан адамдар қуана келетін осындай қонақжай мекенді, Қазақстанды, біз бүгін көрген бай ұлттық мұра мен ғажап табиғатты барынша көп жандардың білгенінен қалаймын», - деп атап өтті епископ Джузеппе Фавале.

Ол Қазақстанның түрлі ұлттар мен түрлі діни сенімдерді айналасына шоғырландырғанын айтты. Өзінің сөзінде ол бай тарихи киелі жерде бейбітшілікті сақтауда, өзара ынтымақтастықты қалыптастыруда осындай өнегелі жұмыстарды одан әрі жалғастыра беру керектігін жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Қазақстан халықтары Ассамблеясына Алматы қаласы бойынша 34 этномәдени бірлестіктер кіреді, этникалық БАҚ шығып тұрады, бірнеше ұлттық театрлар бар, 13 жексенбілік мектеп ана тілін оқыту бойынша нақтылы жұмыстар жүргізуде.

12.04.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер