Дін туралы мәлімет
Шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім— классикалық әдеби араб тілінде Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед
Қазақстанда барлығы 2570 Исламдық діни бірлестік бар.
Алматы қаласында Ислам діні көп ұлт ұстанатын көшбасшы дін болып саналады, шамамен 66 пайызы жамағат қатарында, тіркелген 48 діни бірлестік, оның ішінде 234 имам қызмет етеді. Мешіттер саны 2002 ж. салыстырғанда 33% көбейген.
Ислам (араб., өзін Құдайға сеніп тапсыру, мойынсұнушылық) — монотеистік дін, әлемдік діндердің бірі (христиандық пен буддизммен қатар), оның ізбасарлары-мұсылмандар. 7 ғасырда Арабияда пайда болды. Негізін Қалаушы-Мұхаммед.