Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ехоба куәгерлері (ағылш. Jehovah's Witnesses) – халықаралық діни ұйым. 1931 жылға дейін ұйым «Інжіл зерттеушілері» деп аталды (ағылш. Bible Students).

Ехоба куәгерлерінің тарихы ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңында
АҚШ-та  Чарльз Тейз Рассел негізін қалаған «Інжілді зерттеушілер» қозғалысынан басталды.

Бүгінгі таңда әртүрлі бағалауларға сәйкес, Ехоба куәгерлерінің саны бүкіл әлем бойынша 8 миллионнан астам адамды құрайды.

Негізгі діни-әкімшілік орталығы Уорик қаласында (АҚШ, Нью-Йорк штаты) орналасқан, ал 2016 жылға дейін Бруклинде болған.

Ұйымның діни ілімі – христиан дініндегі (антитринитария) ортодоксалды емес бағыттармен көп ұқсастықтарға ие. Алайда көптеген діни ұғымдарды нақты түсіндіруінде өзіндік ерекшеліктері бар.

Ехоба куәгерлері христиандық догмалардың көпшілігін, соның ішінде әлемнің жаратылысын, жанның өлместігін және Үштік (Әке, Ұлы, Киелі Рух) туралы ілімді жоққа шығарады.

Ұйымның негізгі қызметі – оның ілімдері мен тиісті әдебиеттерін тарату. Ұйым өз мақсаттарына жету үшін бірқатар заңды тұлғаларды пайдаланады. Олардың ішіндегі ең көнесі және ең танымалы – «Күзет мұнарасы қоғамы».

Ехоба куәгерлері сайлауға қатыспайды, мемлекеттік әнұранды орындаудан, туға, елтаңбаға және басқа да мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуден бас тартады.

Әскерге баруды қолдамайды.

Кез келген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдарға қатысуға болмайды.

Мемлекеттік және басқа да зайырлы мерекелер, соның ішінде туған күндер де тойланбайды.

Қазақстанда Ехоба куәгерлерінің 60-қа жуық филиалы жұмыс істейді. Ұйымның басшылығы Алматыда орналасқан (қалада
6 ұйым жұмыс істейді).

Алматыдағы Ехоба куәгерлерінің орталығы 2007 жылы салынған. Ғимараттардың жалпы ауданы 7 гектар аумақта орналасқан шамамен 5 мың шаршы метрді құрайды.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

 

 

 

 

«Ехоба куәгерлері» деп аталатын діни ұйым XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл ұйымның негізін қалаушы Рутерфорд Иса пайғамбардың (ис. 43:10-12) сөздеріне негіздеген. Сенімдік негіздері – библиялық ақиқаттарды түсіндіру үшін қолданылатын Библия.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер