Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Кришна санасының халықаралық қоғамы» (ағылш. International Society for Krishna Consiousness, қысқарт.: ISKCON/ИСККОН) 1966 жылы Нью-Йоркте Бенгал монахы Бхактиведанта Свами Прабхупада (Абхай Шаран Де) құрған вайшнава діни ұйымы.

ИСККОН XVI ғасырдың басында Шығыс Үндістанда индус әулиесі және реформатор Чайтанья (1486-1534 жж.) бастаған гаудия-вайшнавизмнің (вайшнавизмнің бағыты) ең үлкен тармағы. Кришналар өздерін – Құдайға адал берілген вайшнавалар деп атайды.

Ілімнің негізі – Құдайдың ең жоғарғы бейнесі, миллиондаған ғаламдардың жаратушысы болып саналатын тұлғаланған Кришна құдайына деген сенім. Ілімге сәйкес, ол миллиондаған рухани планеталардан тұратын рухани аспанды жаратты. Материалдық және рухани планеталарда әртүрлі тіршілік иелері, соның ішінде жарты құдайлар мен жындар мекендейді.

«Вайшнава» культінің атауы Вишну құдайына деген адалдықты білдіреді. Бастапқыда вайшнавалар индуизммен байланысты болған, олардың сенімі индуизм канонының өзіндік түсіндірмесіне негізделген - Бхагавадгита» кітабы (ежелгі үнді «Махабхарата» эпосының діни-философиялық бөлігі).

Вайшнава дініне тән белгілер – өз жанын материалды әлемнің «кірінен» тазарту, атап айтқанда өркениет пен прогрестің жетістіктерінен бас тарту, ішімдік, темекі, шай, кофеден бас тарту, қатаң вегетариандық, гуруға (тәлімгерге) сөзсіз бағыну арқылы шынайы Құдайды тану.

Ашрамда тұратындар отбасыларымен қатынасты үзеді, қалыптасқан әдеттер мен өмір салтынан бас тартады, жұмыстан шығады. Олар жаңа «рухани» есімдер алады. Ер адамдар бастарын қырып, бастың артқы жағында шошақ шаш қалдырады. Маңдайларына «Ү» әрпі түрінде арнайы «тилак» белгісін салады.

Кришнайттардың негізгі қағидалары – индуизмнің «Бхагавадгита» («Бхагавад-гита» түрінде), «Шримад-Бхагаватам», сондай-ақ,  «Чайтанья-чаритамрита» сияқты қасиетті мәтіндерден тұрады.

Бхактиведанта Свами Прабхупада бұл қасиетті жазбаларды санскрит пен бенгалиден ағылшын тіліне аударып, оларға түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бұл кітаптар әлемнің 70-тен астам тіліне аударылған.

ИСККОН орталығы мен негізгі басқару органы болып – Кришна халықаралық санасы қоғамының Басқарушы Кеңесі саналады, қысқаша Джи-би-си (ағылш. Governing Body Commission – GBC), ол Маяпурде (Үндістан) орналасқан.

Қазақстан аумағында вайшнава идеологиясын жақтаушылар алғаш 1982 жылдан бастап пайда болды. Ресми түрде «Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігі 1994 жылы құрылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда кришнайттердің (вайшнавалар) Алматы қаласындағы 1 қауымды қосқанда, 8 діни бірлестігі тіркелген.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

«Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактиведанта Свами Прабхупада негізін салған неоиндуистік діни бірлестік.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер