Дін туралы мәлімет
Буддизм ілімінің мəні əрбір адамды азаптан арылу жолына түсуге шақыру болып табылады. 2011 жылдың басында елімізде 4 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 2 жергілікті діни бірлестік өтті.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 2 буддистік діни бірлестік бар. Олар Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Алматылық қауымы кәрістер мүшелігімен қызмет атқарады.
Буддизм - әлемдік дін. Оның негізін қалаушы-ШакьяМуни, Шакья руынан шыққан данышпан. Кейіннен оны Будда деп атайды, бұл «ағартылған» дегенді білдіреді. Аталған дін Үндістанда пайда болды.