Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Православие – христиан дінінің негізгі және ежелгі бағыттарының бірі. Ол Рим империясының Батыс және Шығыс (Византия) болып бөлінуінен соң пайда болды.

Православиенің негізі христиан догмаларының қысқаша мазмұны болып табылатын Сенім символы болып табылады. Оны православие мен католик шіркеулері әр христианға сөзсіз мойындауды бұйырады. Сенім символын 1-ші Никей тұжырымдап,
2-ші Константинополь соборларымен толықтырылды.

VII ғасырда католик шіркеуі Сенім символына филиокве (лат. filioque – және ұлынан да) Үштік догмасында: Киелі Рухтың тек әке Құдайдан ғана емес, «ұлдан да шығуы» туралы қосты. Православие шіркеуі филиоквені қабылдамады, бұл кейінірек шіркеулердің бөлінуіне себеп болды.

Ақыры православие 1054 жылы христиан шіркеуінің католиктік және православиелік (схизм) болып бөлінуінің басталуымен тәуелсіз шіркеу ретінде қалыптасты. Шіркеулердің бөлінуіне догматика, ұйымдастыру, рәсімдердегі батыс және шығыс христиан шіркеулерінің арасындағы айырмашылықтар ықпал етті. Бірте-бірте православие бірнеше автокефалиялық шіркеулерге бөлінді.

Бүгінгі күні 14 автокефалиялық шіркеу және мәртебесін бірқатар шіркеулер мойындамайттын тағы 2 автокефалиялық шіркеу бар. Сонымен қатар, тағы бірнеше автономды (ішкі өзін-өзі басқаруы бар, бірақ автокефалиялық шіркеулердің біріне тәуелді) православие шіркеулері бар.

Жергілікті православие шіркеулерінің дәрежесі тең, бірақ тарихи тұрғыдан Константинополь патриархаты Византия православиесінің мұрагері ретінде өзінің құрметті «абыройлық басымдығын» ұстанады және өзін «ғаламдық» деп атайды.

Өз кезегінде, сенушілердің саны бойынша жергілікті шіркеулер арасында бірінші орынды Орыс православие шіркеуі (Мәскеу патриархаты) алады. Тарихи деректерге сәйкес, Орыс православие шіркеуін 988 жылы князь Владимир құрған. Бастапқыда Константинополь патриархатының құрамында митрополия болған.

Бастапқыда митрополияның орталығы Киев, 1299 жылдан бастап Владимир, 1325 жылдан бастап Мәскеу болды.

1448 жылдан бастап, митрополия автокефалияға айналды (Константинопольден алғашқы тәуелсіз митрополит әулие Жүніс болды). 1598 жылы шіркеу патриархат мәртебесін алды (бірінші патриарх әулие Әйүп болды).

Қазақстандағы діни қызметті Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағы жүзеге асырады. Оның құрамына бүгінгі таңда 10 епархия кіреді.

Орыс православие шіркеуі – сунниттік бағыттағы исламнан (ханафи мазхабы) кейінгі сенушілер саны бойынша екінші орында тұрған біздің елдегі ресми конфессия екенін атап өту керек. Алматы қаласы Митрополиттік аймағының құрылымы бойынша Астана және Алматы епархиясына жатады. Өз кезегінде, қалада жоғарыда аталған епархияның бақылауындағы 24 діни бірлестік жұмыс істейді.

Әртүрлі бағалаулар бойынша, православтардың үлесі алматылықтардың жалпы санының шамамен 15% -17% құрайды.

Әлемдегі барлық православтардың саны (белгілі бір патриархатқа жататынына қарамастан) шамамен 200 миллион адамды құрайды.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

           

Православие немесе ортодоксия (дұрыс көру) - христиан дінінің есімдердің бірі, христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі; шығыс-христиан шіркеуі ретінде XI ғасырда Византияда бір жолата қалыптасқан діни сенім.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер