Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Жаңа апостолдық шіркеу (New Apostolic Church), христиандық діни ұйым, негізгі доктриналық ұстанымдары бойынша протестанттарға жақын, рәсімдері англикан, католик және православиелік дәстүрлердің жекелеген элементтерін қамтиды.

Француз революциясы мен Еуропаны индустрияландырудың әсерінен 1820 жылдары «Ояту қозғалыстары» пайда болды. Көптеген жерлерде белсенді христиандар Інжілге сүйене отырып, дұға ету кезінде христиан діні туралы қайта ойлану үшін жиналды. Осы оянған сенушілер топтарының негізгі ойы Иса Мәсіхтің екінші рет келуі болды, ал тағы бір мақсат – ол ерте христиандық принциптерге оралу еді. 1830 жылдары бұл қозғалыстан алғашқы қауымдастықтар пайда болды. 1835 жылға қарай пайғамбарлық сөз арқылы библиялық үлгі бойынша он екі апостол шақырылды. 

Бұл апостолдар жаңадан пайда болған Католиктік-апостолдық шіркеуді Иса Мәсіхтің жақында екінші келуіне дейін бағыттауы керек еді. Англияда пайда болған, кейіннен барлық жаңа католиктер-апостолдық қауымдастықтар Германияда да пайда болды.

1855 жылы үш апостол қайтыс болған кезде, жаңа апостолдарды шақыру керек пе, әлде осындай жағдаймен келісу керек пе деген келіспеушіліктер болды. Осы және басқа да мәселелер бойынша келіспеушіліктер 1863 жылы Германияда «Жалпыға бірдей христиандық апостолдық миссияның» құрылуына әкелді, нәтижесінде «Жаңа апостолдық қауымдастық» пайда болды. 1932 жылдан бастап «Жаңа апостолдық шіркеу» атауы қолданылып келеді.

Жаңа апостол шіркеуінде апостол өзінің дәрежесін сақтап қалды. 1897 жылдан бастап, апостол Фридрих Кребс кезінде бірінші апостолдың дәрежесі қалыптасты. Содан бері, бірінші апостол теологиялық мәселелердегі даму бағытын анықтайды және шіркеу бірлігінің кепілі болып саналады.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан шіркеу Халықаралық Жаңа апостолдық шіркеуімен ұсынылған, оның құрамына 18 апостолдық аймақ кіреді, олар аудандарға, ал аудандар қауымдастықтарға бөлінеді. Апостолдық аймақтарды – аймақ апостолдары басқарады, олар резиденциясы мен шіркеу орталығы Цюрихте (Швейцария) орналасқан Бірінші апостол бастаған коллегиумға біріктіріледі.

Діннің негізгі ережелері:

- Құдайдың – үштік Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың бір екеніне сену;

- күнәлардың кешірілуі мүмкін екеніне сену;

- өлгеннен кейін қайта тірілуге сену;

- шіркеуді басқаруды Иса Мәсіхтің өзі – елші апостолдары және де басқа діни қызметкерлер арқылы жүзеге асады дегенге сену;

- Иса Мәсіхтің жақын арада келуіне сену.

Жаңа апостолдың рухани өмірінің орталығы – бұл аптасына екі рет жексенбіде және аптаның жұмыс күнінде өтетін ғибадат қызметтері.

Шіркеуде үш қасиетті рәсім қабылданған:

- Киелі Рухпен бейнелену;

- сумен шомылдыру;

- нан мен шарап ішу рәсімі.

Шіркеуде мынадай діни мерекелер атап өтіледі: Иса Мәсіхтің Туылуы (Рождество), Пасха, Үштік (Троица), Алғыс айту күні.

2022 жылдың басындағы жағдай бойынша Жаңа апостолдық шіркеудің әлемнің 200-ге жуық елінде 9 миллионнан астам мүшесі бар, олардың көпшілігі шамамен
86% Африка континентінде тұрады.

Бүкіл әлемде жұмыс істейтін Жаңа апостолдық шіркеу қауымдастығының саны шамамен 57 мыңды құрайды, оның ішінде Қазақстанда 26 Жаңа апостолдық шіркеу тіркелген, олардың біреуі Алматыда жұмыс істейді.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лютерандықтан кейінгі Германияның негізгі шіркеулерінің бірі болып табылады.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер