Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Армян Апостолдық шіркеуі (арм. Հայ Առաքելական Եկեղեցի); дәстүрлі, тарихи атауы – Армения Апостол Шіркеуі (арм. Հայաստանեայց Առաքելական Եկեղեցի) – ежелгі христиан шіркеулерінің бірі, оны византиялық православиесінен де, римдік католицизмнен де ерекшелейтін өзіндік догматика мен рәсімдерінде бірқатар айырмашылықтар бар.

Армян Апостолдық шіркеуі (абр. ААШ) IV ғасырда қалыптасты. Аңыз бойынша, ААШ қасиетті апостолдар Фаддея мен Варфоломейден шыққан. Армениядағы тікелей апосталдар қойған, алғашқы епископты Закарияны мойындайды.

Дінтану ғылымдарында ААШ-ны Ежелгі Шығыс православие шіркеулерінің тобына жатқызады (халкидонға дейінгі).

Шіркеу өзінің догматикасында алғашқы үш Ғаламдық Собордың ережелеріне негізделген.

IV Ғаламдық Соборда шіркеу қатыспады және оның ережелерін мойындамады. 

491-536 жылдар аралығында шіркеу ақыры Ғаламдық шіркеудің тұтастығынан бөлінді. Армян шіркеуінде жеті қасиетті рәсім бар, Құдай Ананы, иконаларды құрметтейді.  Армян Апостолдық шіркеуінде қасиетті рәсімдердің орындалуы келесі ерекшеліктерімен ажыратылады:

- нәрестелерді шомылдыру рәсімінен өткізу үш рет бүркеу және үш рет суға батыру арқылы жүзеге асырылады;

- май жағу рәсімі шомылдыру рәсімімен біріккен;

- дәм тату рәсімінде ашытқысыз жасалған нан мен су араластырылмаған шарап қолданылады;

-  дәм тату рәсімі тек жексенбіде және ерекше жағдайларда шомылдыру рәсімі мен май жағу рәсімінен кейін, нәрестелердің аузына дәм тату  элементтерімен тигізу арқылы жасалады;

- зәйтүн майын жағу рәсімі тек дін қызметкеріне қатысты және тірі кезінде емес, қайтыс болғаннан кейін бірден жасалады.

Армян шіркеуіне ғибадат ету ежелгі армян тілінде (грабар) жүргізіледі.

1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа күнтізбелік стильге көшу болды, бірақ Грузия, Ресей және Украина епархиялары, сондай-ақ Иерусалим Патриархаты ескі стильді (юлиан күнтізбесі) қолдануды жалғастыруда.

Армян Шіркеуінің жоғарғы органы - рухани және зайырлы тұлғалардан тұратын, Ұлттық Собор Шіркеуі болып табылады. Соборда барлық армяндардың ең Қасиетті Жоғарғы Патриархы және Католигі болып табылатын Армян Апостолдық шіркеуінің ең жоғары рухани Төрағасы сайланады.

Армян Апостолдық шіркеуінің рухани орталығы – Эчмиадзин қаласы (Армения). Армян Апостолдық шіркеуі бағынышты кафедралары жоқ және барлық армяндардың Жоғарғы Патриархы мен Католикосына рухани тәуелді екі тәуелсіз әкімшілік Католикосатты - Эчмиадзин және Киликияны және екі Патриархат - Иерусалим және Константинопольді біріктіреді. Армян Шіркеуінің епархиялары мен приходтары әлемнің бес континентіне таралған және әртүрлі бағалаулар бойынша, 7-ден 9 миллионға дейін сенушілерді біріктіреді. Алматыда Әулие Карапет Армян Апостолдық шіркеуінің приходы бар.  

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

 

 

Армянская церковь – одна из древнейших христианских церквей, придерживается монофиситского направления христианства.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер