Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Елуіншілер (Пентекосталистер, ағылш. Pentecostalism) - евангелиялық христиандар, Дүниежүзілік елуінші бауырластықтың ізбасарлары, бүгінгі күнге дейін протестантизмнің барлық бағыттарының ішіндегі ең үлкені болып табылады.

Елуіншілер шіркеуінің тарихы баптизмнен бастау алады. ХХ ғасырда АҚШ-та әдіскер пастор Чарльз Пархам Библия мектебін ұйымдастырып, қасиетті қозғалысты уағыздады, христиандық кемелдікке жетелейтін ерекше рухани тәжірибе іздеді.

Елуіншілер шіркеулерінің негізі Жаңа өсиеттің «Апосталдардың істері» кітабында жазылған Пасхадан кейінгі елуінші күні (осыдан атауы шыққан), яғни Елуінші күн мейрамында Киелі рухтың апосталдарға түсуі туралы әңгіме жатыр.

Бірінші елуіншілер шіркеуі болып «Құдай шіркеуі» саналады. Ол 1886 жылы АҚШ-та  (Техас штаты) «киелі қозғалыс» Құдайды іздеуші әдіскер-баптистердің негізінде құрылды.

1903 жылы көптеген американдық «киелі қозғалыс» шіркеулері «Құдай шіркеуі» Одағына біріктірілді. Бұл бүкіл әлемге айтарлықтай әсер ете алатын алғашқы елуінші одақ.

Қазіргі елуіншілер қозғалысының басталуы деп шіркеу тарихы 1906 жылдың 9 сәуірін қарастырады. Бұл оқиғаның алдында 1906 жылы 8 сәуірде бейтаныс тілдерде сөйлеген қара нәсілді балаға қатысты оқиға болды. Ал, келесі күні елуіншілердің мейрамдарының сенімі бойынша, уағыз кезінде Киелі Рух болашақ елуіншілердің бүкіл жиналыстарына түсті. Мұның бәрі Лос-Анджелесте (АҚШ) болды.

Евангелиялық елуіншілердің шіркеуі сенушінің Киелі Рухпен шомылдыру рәсімінен өтуіне айрықша мән береді. Сенушілер бұл оқиғаны әртүрлі эмоциялармен бірге жүретін күшті рухани тәжірибе ретінде қабылдайды. Шомылдыру рәсімінен өткен сәтте Киелі Рух қайта туылу рәсімінен өткен адамға түседі деп саналады. Елуіншілер сенушінің Киелі Рухпен шомылдыру рәсімінен өтуі нәтижесінде алатын күші оның   басқа тілдерде сөйлеу арқылы көрінетініне сенімді. «Басқа тілдерде сөйлеу» құбылысын нақты түсіну (глоссолалия) елуіншілердің айрықша ерекшелігі болып табылады.  

Елуіншілер үшін басқа тілдерде сөйлеу – ең ұлы сый болып саналады. Әрі бұл сый азан шақыру кезінде басқа тілдерде еріксіз сөйлеу және әулиелік  қасиеті  кезінде көрінеді, бірақ періште тілінде сөйлейтін Киелі Рухтың ерекше дұғасы бар. Сенушілердің уайымы Исаның қайта тірілуінен кейінгі елуінші күні апосталдардың бастан кешкен эмоцияларымен бірдей екеніне сенімді. Сондықтан, елуіншілер Киелі Рух адамға білім, даналық, ем, сенім, сауықтыру мен әулиелік ету, рухтарды ажырата алу қасиеттерін бергеніне сенімді.

Екі діни рәсім ерекше рөл атқарады – қатысу (нанды бөлу, тарату мен Құдай кеші) және сумен шомылдыру рәсімі. Неке қию, балаларға бата беру, науқастардың емделуі үшін жасалатын дұға ету, жындарды қуу, қол қою, кейде аяқты жуу (қатысу кезінде) секілді рәсімдерде орындалады.

Консервативті ағымның өкілдері пацифистер, қару-жарақты қолдануға қарсы. Кейбір сенушілер қарсыласпау идеясын ұстанады және тіпті қорғану үшінде қаруды қолданбайды. Сол арқылы Исус Христос пен апостолдар зұлымдықтан күш қолдану арқылы қорғануға тырыспады және азапты өлімге мойынсұнды дегенге сенеді.

Елуіншілер шіркеуінің тарихы діни қозғалыстың негізгі постулаттарын тұжырымдаған бірнеше діни қызметкерлер мен уағызшыларды бөліп көрсетеді. Олардың ішінде Чарльз Финней, Дуайт Моуди, В.Е.Бордмен мен Х.В.Смит, Чарльз Фокс Пархэм, Уильям Сеймур бар.

Елуіншілер одақтары мен бірлестіктері көп жағдайда автономды болып табылады. Пастор – қауымның басшысы және шіркеу кеңесінің көмегімен жамағатты басқарады. Дәстүрлі бағытта әйелдерде пастор ретінде қызмет ете алады.

Қазақстанда ресми тіркелген протестанттық шіркеулер саны бойынша Елуіншілер көш бастап тұр. 2011 жылдың басында Елуіншілердің 400 тіркелген қауымдастықтары болды. Ең үлкен Елуінші одақтар – «Новая жизнь», «Источник», «Агапэ» миссиясы, «Сун Бок Ым» толық Евангелия шіркеуі, «Жатва».

Ірі халықаралық Елуіншілер бірлестіктерінің ішінде Құдай Ассамблеясы, Құдай шіркеуі және әулиелік Құдай шіркеуін атап өтуге болады.

2011 жылғы Әлемдік христиандыққа арналған Pew Forum жұмысында классикалық Елуіншілердің саны 279 миллионды құрады.

Қазіргі уақытта Елуінші діни бірлестіктерінің саны елде 229 ұйымды құрайды, оның 34-і Алматыда тіркеліп, жұмыс істейді.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

Елуіншілер – (қасиеттілік қозғалысы – Библияға сәйкес Иса мәсіхтің шәкірттері басқа тілдерде сөйлеу қасиетіне ие болған Елуінші күннен бері) – протестантизмнің бір бағыты.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер