Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Баптизм (грек тілінен «шомылдыру рәсімі», «суға батыру») - христиандық протестантизмге қатысты діни ағым.

Қозғалыстың басты ерекшелігі - нәрестелерді шомылдыру рәсімін өткізуден бас тарту, адам ересек жаста дінін саналы түрде таңдауы керек, тек осылай еріктілік принципі сақталуы мүмкін деген сенім.

Баптисттер доктринасы келесідей догмаларға негізделген:

-сенім туралы және күнделікті өмірдегі сұрақтарға жауаптар жалғыз Библияда бар;

-шіркеуде тек қайта туылған адамдар болуы мүмкін (саналы түрде шомылдыру рәсімінен өткен);

-практикалық мәселелерді өз бетінше шешу жергілікті шіркеу қауымдастықтары үшін үлкен еркіндік;

-ар-ождан бостандығы;

-шіркеудің мемлекеттен бөлінуі (осы уақытқа дейін ортодоксалдық баптисттер антты, әскери қызмет пен соттарды мойындамады).

Баптизмнің негізін қалаушы Джон Смит (1554-1612). Баптист тарихшы Брюс Гурли - баптистердің шығу тегі туралы төрт негізгі көзқарасты айтады:

1. қозғалыс XVII ғасырда ағылшын пуритандары арасында басталды (ең көп таралған және құжаттарда көрсетілген көзқарас);

2. бұл анабаптизмнің бір саласы;

3. баптизм Иса Мәсіх пен христиан дінін уағыздаушы елшілер заманында болған;

4. баптизм Иса Мәсіх пен христиан дінін уағыздаушы елшілер заманында болып қана қойған жоқ, оның сол кезден бастау алған үздіксіз тарихы бар.

Мұнда біз негізгі нұсқаға тоқталамыз. Баптизмнің пайда болуы 1609 жылы Амстердамда Джон Смиттің басшылығымен бірнеше ағылшын пуритандары өздерінің діни қауымдастығын құрған кезде пайда болды. Үш жылдан кейін, баптизм Англияға жетті – дәл осы жерде баптизмнің догмалары тұжырымдалды.

Баптизм 2 ағымға бөлінеді:

-жалпы баптистер;

-жеке баптистер.

Жалпы баптистер Иса Мәсіх өзін құрбан етіп, барлық адамдардың күнәларын жуып-шайды дегенге сенеді. Күнәдан құтылу үшін Құдайдың және адамның ерік-жігерінің болуы қажет.

Кальвинизмге және басқа протестандық ағымдарға жақын жеке баптистердің көзқарасы бойынша Исус Христос адамзаттың таңдаулы бөлігінің күнәларын жуып-шайды. Адамды құтқару тек Құдайдың қалауымен жүзеге асырылады, ол бастапқыда тағдырға жазылған және оған адамның жақсы немесе жаман іс-әрекеттері әсер ете алмайды.

Джон Смит және оның ізбасарлары өздерін жалпы баптистерге жатқызды. Жеке баптистердің алғашқы қауымдастығы 1638 жылы Англияда құрылды.

Баптистер өлгендердің қайта тірілуі мен имандылардың жұмаққа, күнәһарлардың тозаққа түсетін Қиямет күні Иса Мәсіхтің қайта келуіне сенеді.

Мерекелерден баптистер Рождество, Пасха, Троица мен егін оруды (бұл егін берген Құдайдың құдіретін көтеру, сондай-ақ, «күнәһарлардың жанын құтқару» бойынша еңбекті дәріптеу мерекесі) атап өтеді. Қауымдастықта моральдық нормалар қатаң сақталады – ішімдік ішу мен жаман сөздерді айтудан бас тарту, өзара қолдау мен көмек көрсету.

Баптистік шіркеуде пресвитерлер, диакондар және уағызшылар бар. Сонымен қатар, шіркеудің құрылымы өте демократиялық бағытта деуге болады, себебі ең маңызды сұрақтар шіркеу кеңестерінде немесе діндарлардың жиналыстарында бірлесіп шешіледі.

Діни рәсімдер мәселесінде баптистердің католиктік немесе православтық шіркеулерден айырмашылығы діни канонды қатаң түрде ұстанбайды. Баптизмдегі қасиетті іс-шаралар болып – қауымдастықтың барлық мүшелерінің уағыздарды оқуы, Киелі жазбаның бөлімдерін оқу, діни әуендер мен әнұранды айтумен дұға жиналыстарын өткізу болып саналады. Кейде музыкалық сүйемелдеу қолданылады. Негізгі ғибадат жексенбі күні жасалынады, дегенмен қосымша жиналыстар жұмыс күндері де өткізілуі мүмкін.

Баптистер өз шіркеуіне жаңа сенушілерді тарту үшін миссионерлік қызметке көп көңіл бөледі. Миссионерліктің негізін қалаушы

1793 жылы Үндістанға баптизмді уағыздауға барған Уильям Кэрри болып саналады. Іс жүзінде білімі жоқ Кэрри өзінің керемет ақыл-ойының арқасында миссионерлік қызметте үлкен жетістіктерге жетіп, Библияны 25 тілге аударды. 

Әртүрлі болжамдық бағалаулар бойынша қазіргі уақытта әлемде шамамен, 60-70 миллион баптистер бар. Сонымен қатар, баптистік шіркеулердің көпшілігінде қауымдастық мүшелері болу үшін жасөспірім жасқа жетуі қажет. Осылайша, баптистік отбасылардың балалары бұл статистикаға кірмеген.

Бүгінгі таңда баптизм – ең көп протестанттық қозғалыстардың бірі болып саналады. Баптизмді ұстанатындардың шамамен үштен екісі АҚШ-та тұрады. Сондай-ақ, әлемде баптистер халықтың көп бөлігі болып табылатын үш аймақ бар: АҚШ-тағы Миссисипи және Техас Штаттары, Үндістанның Нагаланд Штаты (75% астамы).

Қазақстанда баптистер ХХ ғасырдың басында столыпин аграрлық реформасы кезінде, Украина мен Поволжьядан келген неміс шаруаларын Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан және Алтай өлкесінің аумақтарын қоныстандыруға рұқсат алған кезде пайда болды.

Айта кету керек, Қазақстанда басқа посткеңестік елдеріндегідей баптистік дінді ұстанатын негізгі конфессия Евангелиялық христиандар баптистер (ЕХБ) болып табылады.

ЕХБ 1944 жылы екі жақын конфессия евангелиялық христиандар (прохановтар) мен баптистердің бірігуінен пайда болды. 1945 жылы оларға елуіншілер қосылды, 1946 жылы – дарбистер (Закарпатье); 1947 жылы апостолдық евангелшіл христиандар; 1963 жылы – бауырлас меннониттер. Бірігу шіркеудің догматикасы мен оның құрылымы мәселелерінде белгілі бір өзара келісімдер негізінде жүзеге асырылды.

Баптистік ілім евангелистерге тән «таңдаулылық» иядеясын қалыпты түсіндіруге негізделген. «Бірліктің 7 буыны» қағидаттары жарияланды: «Бір Құдай»; «Иса Мәсіхтің денесіне» бір мүшелік ету; «бір рух»; «бір үмітті борыш» бірлесу; «бір сенім»; «бір шомылдыру рәсімі»; «бір Құдай және ол бәрінің әкесі».

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Евангелиялық христиан-баптист шіркеулерінің Саран қаласындағы орталығымен одақтастығы бар.

2006 жылы Одақ мүшелері Еуропалық баптистер Федерациясы мен Дүниежүзілік баптистер альянсынан шығуға дауыс берді. Оның себебі – әйелдерді тағайындау тәжірибесі, харизматикалық үрдістер және бірқатар шетелдік баптистік шіркеулерде Библия кітабының беделінің жалпы төмендеуі болды. Бұл ретте Одақ әлі де ЕХБ одақтарының Еуро-азиялық федерациясының бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта елде тіркелген ЕХБ қауымдастықтарының саны 181 ұйымды құрайды, ал оның 17-і Алматыда жұмыс істейді.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

 

Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі.

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер